ЖАҢА ЖОБАЛАР, ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ
Қызылорда облысының Аймақтық Үйлестіру Кеңесі «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жаңа жобаларды қолдады. Жалпы құны 415 692 000 теңгені құрайтын 5 жоба мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асатын болады.
Қолдауға ие болған ЖК «Сахиев» және «Асбол» ЖШС компаниялары мейрамхана-қонақ үй саласында қызмет көрсетеді. Көлік тасымалы қызметімен айналысуды жоспарлаған ЖК «Серкебай» «Даму» Қорының 50% көлеміндегі кепілдемесімен «Сбербанк» ЕБ АҚ-нан несие рәсімдеді. 15% -бен рәсімдеген несиенің пайыздық үстемесін кәсіпкер мемлекеттік субсидия арқасында 8%-ға дейін төмендетіп отыр.
«Шиелі тас» ЖШС мемлекеттік қолдаудың арқасында өзінің автобазасын аударғыш жүк көлігі мен тіркеме көлік секілді жаңа транспорт құралдарымен толықтыруды жоспарлауда. Тағы бір қолдауға ие болған жоба күріш өңдеумен айналысатын ЖК «Айсұлтан» мекемесіне тиесілі. Кәсіпкер «Сбербанк» ЕБ АҚ-нан рәсімделген 20 млн.теңге несие қаражатына жаңа құрал-жабдықтар сатып алуды көздеп отыр. Бірегей бағдарлама аясында банктен 17 %-бен алынған несиенің мемлекет 10%-ын өтейтін болады, ал кәсіпкердің қайтаратын үстеме пайызы 7%-ға тең. Несиеге қол жеткізу үшін кәсіпкер сондай-ақ, «Даму» Қорының бөлшек кепілдендіру құралын пайдаланды.