ЕЛБАСЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫНЫ ӨСІРУДІ ТАПСЫРДЫ
2017 жылы зейнетақы мен балалардың дүниеге келуіне орай берілетін жәрдемақы 20 пайызға өседі, деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына арналған салтанатты шарада. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.
Бүгін Астанада Тәуелсiздiк сарайында Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгінің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.
"Мен Үкіметке келесі жылы 2016 жылмен салыстырғанда зейнетақы мөлшерін 20 пайызға өсіруді тапсырамын. Бұл 2,2 миллион қазақстандықты қамтуы тиіс. Сонымен қатар, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап баланың дүниеге келуіне орай берілетін бір реттік жәрдемақы мөлшерін 20 пайызға өсіруді тапсырамын, - деді Назарбаев. - Қазіргі уақытта біздің елде балалардың дүниеге келуі өте жоғарғы деңгейде. 55 пайызға өсті, бұл біз үшін өте жақсы".
Мемлекет басшысы 1996 жылы Қазақстанның 35 пайызы кедейлік деңгейінде болғанын айтты.
"Тәуелсіздік жылдары кедейлік деңгейінде тұратын адамдар саны 12,5 есеге азайды. Әлемнің дамыған елдерінде мұндай көрсеткіш жоқ", - деді Назарбаев.