ОТБАСЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ
Жалағаш ауданында «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн іс-шаралар жоспары аясында «Отбасы - Тәуелсіздік тірегі» атты аудандық әйелдер форумы өтті.
Форумға аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов, кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, батыр аналар, «Жалағаш ауданы әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшылары, жастар көшбасшылары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Сан сала өкілдерінің басын қосқан форумда білім саласының ардагері Р.Ерәлі, жеке кәсіпкер, аудандық мәслихат депутаты Ә.Нұржан, «Үздік ауыл дәрігері» номинациясының иегері М.Таукеева, «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар жөніндегі аудан бойынша сарапшы маманы Г. Мәлік баяндама жасады. Сонымен қатар, «Батыр аналар» ансамблінің жетекшісі Р.Жұбатханова , Қазақстан Республикасы оқу ісінің үздігі, білім саласы ардагерлер кеңесінің төрайымы Р.Исахметовалар форум жұмысына сәттілік тілеп, ауқымды істердің ұйытқысы бола білген аудан әкімдігіне, форумды ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.