ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде ҚР-дағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру және ҚР-дағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша журналистер арасында үздік жарияланымдар республикалық байқауы қорытындыланды. Бұл туралы ҚР министрліктің ресми сайтында жарияланған.
Байқаудың негізгі мақсаты – «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бағыттарын жүзеге асыру туралы жергілікті халықты кеңінен хабардар ету, азаматтарды халықты жұмыспен қамту шараларына кеңінен қатыстыру, МӘМС-ті енгізу мен ҚР-дағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдірудің негізгі артықшылықтары, сонымен қатар, аталған жаңалықтарға қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру болып табылады.
Байқауға 24 электронды және баспа БАҚ қатысып, 80 материал (мақалалар, жарияланымдар, хабарламалар мен сюжеттер) ұсынылды.
Байқау 3 номинация: «ҚР-дағы МӘМС-ті енгізу бойынша үздік жарияланым», «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша үздік жарияланым», «ҚР-дағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаңғырту бойынша үздік жарияланым» бойынша мерзімді, интернет басылымдар, телеарна және радио журналистерінің арасында өткізілді.
Әділ қазылар алқасы мен министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің сарапшылары барлық материалдарды қарап, келесі жеңімпаздарды анықтады:
- «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша үздік баспа БАҚ жарияланымы» номинациясы бойынша «Свобода слова» республикалық басылымының журналисі Вера Ляховская мен «Орталық Қазақстан» (Қарағанды облысы) газетінің тілшісі Қызғалдақ Айтжанова;
- «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ақпарат порталдарындағы үздік жарияланым» номинациясы бойынша «Туранинформ» ақпараттық-сараптамалық порталының тілшісі Құрманғали Нұрғалиев;
- «ҚР-дағы МӘМС-ті енгізу бойынша үздік баспа БАҚ жарияланым» номинациясында Татьяна Уличева (Хватикова) («Индустриальная Караганда» газеті) мен Гүлмира Аймағамбет («Астана ақшамы» газеті);
- «ҚР-дағы МӘМС-ті енгізу бойынша үздік телеарна жұмысы» номинациясында «Хабар» телеарнасының журналистері Нәзия Тұяқова мен Индира Жылқайдарова;
- «ҚР-дағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаңғырту бойынша үздік жарияланым» номинациясында Гүлнара Хасан ( «Хабар 24» телеарнасы).
Байқаудың шарттары бойынша жеңімпаздар ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін салтанатты түрде марапатталады.