СОТ ТӨРАҒАСЫ БҰҰ-НЫҢ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСТІ
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы А.Әбу БҰҰ-ның халықаралық маманы Б.Буффонимен кездесті.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүздесудің мақсаты сот жұмысымен танысу және Қазақстанда кәмелетке толмағандар істері, сот әділдігін дамыту бойынша әрі қарай өзара ынтымақтастықты талқылау және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттардың қазақстандық моделін бағалау.
Б.Буффони кездесу барысында «Сыр ұландары» пилоттық бағдарламасының жыл көлемінде атқарылған жұмыстары мен нәтижесін саралады. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған жәбірленушілерге, куәларға және сотталушыларға сот ғимаратынан ашылған арнайы бөлмелерді аралап көрді.
Кездесу соңында сот төрағасы А.Әбу халықаралық маманды алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.