АУДАН ӘКІМІ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарды қабылдап, құрмет көрсетті.
- Қай халық үшін де тәуелсіздік – қастерлі ұғым, ұлы мұрат. Ұлтымыздың ұлы жеңістері оңайлықпен келген жоқ. Халқымыз талай аумалы-төкпелі замандарды бастан кешті, осы ауыртпалықтың бәрін көтере білді, жасымайтын жігер танытып, асқақ арманына ұмтылды. Соның бір тұсында сіздердің көрсеткен ерліктеріңіз бен үлестеріңіз салмақты деп білем. Бұл біздің жадымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде мәңгі сақталады, - деп, ізгі ықыласы мен ақжарма тілегін білдірді.
Сонымен қатар, желтоқсан оқиғасының қатысушылары Серік Сералиев, Асқар Бекбосынов, Еламан Әбдіреев пен Ислам Жұбановқа Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына орай әзірленген естелік медальдар табыстады.
Сонымен қатар, желтоқсан оқиғасының қатысушылары Серік Сералиев, Асқар Бекбосынов, Еламан Әбдіреев пен Ислам Жұбановқа Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына орай әзірленген естелік медальдар табыстады.