ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІ ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ
С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті кадр жұмысы тобының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай салтанатты жиын өтті.
Ішкі істер қызметкерлері арасында өткізілген мереке аясында Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы Ғанибек Отарбаев кең байтақ ұлы отанымыздың тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Одан әрі, сала қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің, ҚАЖ комитеті төрағасының, ҚАЖ департаменті бастығының бұйрықтарымен арнайы алғыс жарияланды.
Мерекелік шарада мемлекетіміздің өркендеуіне елеулі үлес қосып өнегелі істі жалғастырар, жастарға кәсіби және өмірлік тәжірибесін үйретуден жалықпаған Қызылорда облыстық қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері қонақта болды. Департамент басшылығы ардагерлерге арнап сый-сияпат көрсетіп, алғыстарын жеткізді.