ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Абзал Мұхимов арнайы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын анықтау мақсатында азаматтарды қабылдады.
Жеке қабылдауға келген тұрғындарға, яғни қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, департамент басшысы түскен өтініш-шағымдарға қатысты тексеру жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.