ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРТУЫ
М. Көкенов атындағы Жаңақорған аудандық мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты жиналыс болып өтті. Шараны аудан әкімі Ғалым Әміреев ашып, жиналғандарға мерекелік құттықтауын арнады. Ширек ғасырда ауданның жеткен жетістіктерін саралап өтті. Сондай-ақ, жиынға арнайы қатысқан ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Гелогия және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Б.Нұрабаев аудан тұрғындарына өз лебізін арнады. Салтанатта ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекелік медалімен 45 тұрғын марапатталды. Мерекелік шара өз кезегінде қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары Мирас пен Құралайдың ән шашуымен жалғасын тапты.