ҚЫЗЫЛОРДАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ ҰСТАЗ МАРАПАТТАЛДЫ
Кеше Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қызылорда облысының 200-ге жуық білім және ғылым қызметкерлері марапатталды.
Шарада білім беру қызметкерлерімен қатар саладағы кәсіподақ ұжымына да бағалы сыйлықтар тарту етілді. Рәсімде ел еркіндігін алған кезеңде еңбек жолын бастаған мамандар мен тәуелсіздікпен құрдас сала өкілдеріне де айрықша құрмет көрсетілді.