«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» ПОЙЫЗЫ САПАРЫН АЯҚТАДЫ
Бүгін Алматы қаласының теміржол вокзалына ел аумағы бойынша 43 күндік сапардан кейін «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы келіп тоқтады, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған республикалық акцияны Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған болатын. Пойыз осы уақыт аралығында еліміздің барлық өңірлерін аралап, 35 елді мекенде болды.
«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы мүшелерінің қоғамдық қабылдауларына, қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы негізгі қағидаларды, «Мәңгiлiк ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын түсіндіру бойынша дәріс-таныстырылымдарға, семинар-тренингтерге 9,5 мыңнан астам адам қатысты. Азаматтарға медициналық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсету мәселелері бойынша өткен шаралар 11,5 мыңнан астам адамды қамтыды.
Жергілікті халыққа әлеуметтік қызметтер, денсаулық сақтау, әділет органдары, ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым, Ақпарат және коммуникациялар министрліктері өкілдерінің консультациялық қызметтер көрсету бойынша кездесулерге келгендер саны 63,5 мыңнан асты.
Пойыз құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, ҚХА мүшелері, мәдениет және спорт қайраткерлері, медицина және әлеуметтік салалар мамандары болды.