ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МЕДАЛЬМЕН НАГРАДТАЛДЫ
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын ел қауіпсіздігі мен тыныштығын күзетіп жүрген құқық қорғаушылар да мерекелік көңіл күймен атап өтті.
Бүгін Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында салтанатты шара өтіп, оған сала ардагерлері, департамент және басқарма басшылары мен жеке құрам түгел қатысты.
Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитов ҚР Президентінің 29 қараша 2016 жылғы №380 Жарлығына сәйкес, мемлекеттің қалыптасуына, егемендігінің нығаю мен әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін департаменттің 21 қызметкерін «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградтады.
Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитов ҚР Президентінің 29 қараша 2016 жылғы №380 Жарлығына сәйкес, мемлекеттің қалыптасуына, егемендігінің нығаю мен әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін департаменттің 21 қызметкерін «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградтады.
Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың құттықтау хаты оқылып, министр бұйрығымен құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен департаменттің 15 қызметкері марапатталды. Атап айтқанда, департаменттің оқу-жаттығу взводы командирінің орынбасары, полиция майоры Талғат Есмахановқа мерзімінен бұрын «полиция подполковнигі» шені берілсе, Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөлімше бастығы, полиция майоры Болат Тұрманов пен Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция майоры Ақтау Ералиев «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен наградталды. Департаменттің Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, полиция полковнигі Айдарбек Маншарипов пен оқу-жаттығу взводының командирі, полиция подполковнигі Ерлан Шәкиев министрліктің «Құрмет грамотасымен», Жедел жоспарлау басқармасының жедел кезекшісі, полиция майоры Тасболат Серімбетов ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» омы раулық белгісімен марапатталды. Сондай-ақ Қызылорда ОІІД бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитовтың бұйрығымен департаменттің 135 қызметкері марапатталды.
– Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке. Егемен елдің қауіпсіздігін биік қойып, асқақ мұраттарға адал қызмет ету жолында сәттілік тілеп, азаматтық борышын өтеу жолында аянбай еңбек ете берулеріңізге тілектестік білдіремін, - деді ардагерлер Кеңесінің төрағасы Серікбол Тұңғышбаев
Мерекелік іс-шара департамент қызметкерлерінің Тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарламамен қорытындыланды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі