ГОЛОВКИН ГИННЕСТІҢ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ
Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Вaq.kz.
Бұл туралы боксшының өзі Твиттердегі парақшасында жазған.
Ол бұл құрметке нокауттар саны жағынан ең жоғары пайызды көрсеткені үшін ие болып отыр. Кәсіпқой бокста жеңілмеген қазақстандық боксшы 36 жекпе-жек өткізіп, оның 33-ін нокаутпен ұтқан. Сондай-ақ қатарынан 23 кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады.Осылайша Головкин нокаутпен аяқтаған жекпе-жектер көрсеткіші 91,67 пайызға теңесті. Қазіргі таңда бұл орта салмақтағы әлем чемпиондары арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш.