САН ҚЫРЛЫ ӨНЕРПАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Сыр өңірі ежелден өнер қонған киелі қоныс. Таңдайынан бал тамған әнші, таңды таңға ұластырған жыршы-термеші, сөз бастаған би-шешен, тебіреніп күй тартса қобыз бен домбыраның үнінен құс қондырған күйшілер түлеген топырақ. Қазалыда осындай дарындардың ізін жалғаушы, ҚР Мәдениет қайраткері, өнер майталманы, режиссер-сценарист Насыр Баекеевтің 70 жылдығына арналған шығармашылық кеш өткізілді.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Толыбай Жүсіпов өнер иесінің өмір жолы мен шығармашылығы туралы баяндама жасап, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының және аудандық мәдениет саласы қызметкерлерінің атынан құттықтау білдіріп, сый-құрмет көрсетті. Сонымен қатар, аудан әкімінің кеңесшісі Жаппарберген Жалғасбаев пен аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық бөлімінің басшысы Алғашбай Байкөбеков кеш кейіпкеріне деген жүрекжарды лебіздерін білдіріп, аудан әкімінің құттықтауын жеткізді.
Өнері де, өмірі де тәлім мен тәрбиеге толы Насыр Баекеев режиссер ретінде Т.Ахтановтың «Ант», Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш- Баян сұлу», «Қыз Жібек», Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай», С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр», «Ең әдемі келіншек» спектакльдері сахналап, көрермен көңілінен шығып жүр.
Кеште сан қырлы өнер иесінің шығармашылық жетістіктері жайлы да айтылды. Оның сазгер Нұрмаш Алғашбаев пен Кемеңгер Өтептің «Арманым-ардағым», «Жүрек сыры», «Сыр елі», «Жан әке», «Есімде сол бір жаңғырық», «Бұлбұл жүрек», «Боздақтар», «Тәуелсіз қазақ елі», «Батыр баба», Орақ Баубековтің «Сүйген сәулем», әуесқой сазгер Әділхан Мақсатбаевтың «Ауылым» сынды әндеріне жазылған өлеңдері тыңдармандарын тапқан.
Кеш барысында «Атамұра» ардагерлер халықтық ансамблі мен жекелеген өнерпаздар ақынның сөзіне жазылған әндерін шырқап, өлеңдерін оқып, халыққа жоғары көңіл-күй сыйлады.