БАСҚАРМАҒА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
ҚР Энергетика министрлігі жауапты хатшысының 2016 жылғы 2 желтоқсанда шыққан бұйрығымен министрліктің мұнай-газ кешеніндегі Оңтүстік өңіраралық мемлекеттік инспекция басқармасының басшысы болып Қалбергенов Шахизад Балтабайұлы тағайындалды.
Шахизад Балтабайұлы 1959 жылы 24 тамызда дүниеге келген.
1986 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ политехникалық институтын «Гидрогеология және инженерлік геология» мамандығы бойынша және Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ды «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша бітірген. Алғаш еңбек жолын Тартоғай кеңшарында құрылысшы болып бастаған.
1986-1996 жылдары Қызылорда гидрогеологиялық экспедициясының басшысы.
1998-1999 жылдары облыстық Индустрия және сауда басқармасының лицензиялау және минералдық ресурстарды талдау бөлімінің бастығы.
1999-2015 "Оңтүстікқазжерқойнауы» ӨД-нің Қызылорда аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының басшысы.
2015 жылдың қараша айынан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ақтөбе қаласындағы «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Батысқазжерқойнауы" республикалық мемлекеттік мекемесінің жетекшісі қызметінде болған.
Ол салаға сіңірген еңбегі үшін бірнеше мәрте Құрмет грамоталарымен марапатталған. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалдары мен «ҚР жер қойнауын барлаудың үздігі», «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгілерінің иегері.