ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ
Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 12-14 күндері құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың жолын кесу бағытында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп, жұмыс барысы күшейтілген жүйеге көшкен болатын.
Аталған іс-шараға 1000-ға жуық ІІО-ның жеке құрамы жұмылдырылып, іс-шараның бірінші күнінде барлығы 15 қылмыстың беті ашылып, 772 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жол-көлік оқиғасына тікелей әсер ететін фактілердің бірі – автокөлікті мас күйінде басқарған 14 жүргізуші анықталса, қауіпсіздік белдігін тақпай автокөлік басқарған 145 жүргізушіге, ұялы телефонмен сөйлесіп көлік басқарған 116 адамға, жылдамдықты шамадан тыс асырып басқарған 72 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар, «Мүлдем төзбеушілік» қағидаты аясында қала мен елдімекен аумақтарын көріктендіру ережесін бұзу дерегі бойынша 113, спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу дерегі бойынша 71, ұсақ бұзақылық дерегі бойынша 50 құқық бұзушылық анықталып, тиісті шаралар көрілді.