ӘЙЕЛДЕР БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Қызылордада мемлекеттік құрылымдар мен БАҚ өкілдерінің, ҮЕҰ басшыларының қатысуымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды Азаматтық Альянсы қауымдастығының баспасөз қызметі.
Семинар-трненингтің ұйымдастырушылары – Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы қауымдастығы мен «Бойтұмар Ханым» қоғамдық қоры және Саясаткер әйелдер клубы.
Шара «Ақмешіт ақшамы» газеті редакциясында орналасқан «Көшбасшы әйелдер» мектебінде өтті. Бұл мектепті құрған – газеттің бас редакторы Сәрсенкүл Бихожа. Осыдан 11 жыл бұрын ашылған мектептің басты мақсаты - әйелдерді белсенді қоғамдық өмірге тарту. Семинар тренері «Ұмай» мектеп жасына дейінгі балалар қайырымдылық үйінің негізін қалаушы Анар Ізден.
Жиын барысында барлық әйелдердің көкейкесті мәселелері талқыланды. Қатысушылар өмір қағидаттары туралы өз пікірлерін ортаға салып, қоғамдағы әріптестік қарым-қатынас бағытында жинаған тәжірибелері жайлы айтты.