ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында қызметке жаңадан қабылданған жастар қызметті адал және абыроймен атқаруға, ел азаматтарының құқығы мен бостандықтарын қорғауға салтанатты түрде ант берді.
Мемлекеттік Рәміздер аллеясында өткен салтанатты жиынға департамент басшылығы, қызметкерлері және ардагерлерінен бөлек жас полицейлердің ата-аналары мен жақындары да қатысты.
Қызметке жаңадан келген 25 жастың 10-ы жергілікті полиция қызметінің қатарын толықтырды, ал қалғандары тергеушілер, анықтаушылар, кадр қызметкерлері және жедел уәкілдер.
Алғашқы болып ант қабылдаған Сағындық Мырзахожаев бүгіннен бастап жергілікті полиция қызметіндегі алғашқы кезекшілігіне шықпақ. Құқық қорғаушы қатарында болуды бала кезден арман еткен Сағындық салада полковник шеніне дейін қызмет етуді армандайды.
Баласының жетістігіне қуанған ата-аналар да өз ойларын білдірді. Солардың бірі – Мейрамкүл Дүйсенбаева «Мен үшін бұл сәт ешқашан ұмытылмайды. Себебі ұлым бүгін Отанының алдында халқының қауіпсіздігі мен тыныштығының сақталуын өзінің басты борышы жөнінде ант берді», - дейді..
Жас полиция қызметкерінің бірі Эльмира Зілғараева кадр жұмысы басқармасында қызмет етеді. Оның басты міндеті – қызметкерлердің жеке құжаттарын әзірлеу, қадрлық саясатты жүзеге асыру.
Полиция қызметіне жаңадан қосылған жас буынды ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жарас Оспанов құттықтады. Ант қабылдау – әрбір полиция қызметкері үшін өміріндегі ерекше сәт екендігін атап өтіп, жастардың азаматтық борыштарын абыроймен атқаруларына тілектестік білдірді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі