ҚАЗАЛЫ ЖАСТАРЫ САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Тәуелсіздік мерекесіне орай Қазалы ауданының жастары бірқатар шаралар өткізді. Аудандық оқушылар үйінде аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысына сәйкес облыстық «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігі, "Жастар ресурстық орталығы" Қазалы аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен «Инновациялық идеялар» жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкеде № 204, № 17, № 16, № 102, № 170, № 249, № 226 мектеп оқушылары өздерінің жаңаша идеяларын ортаға салды. Жаңашылдық жәрмеңкесінде I орынды № 17 орта мектеп, II орынды № 16 орта мектеп, III орынды № 102 орта мектеп иемденді.
Осы күні Жалаңтөс Бахадүр атындағы орталық стадионында арқан тарту сайысы болып өтті. Аталмыш байқауға мектеп оқушылары мен Қазалы аграрлы - техникалық колледжі және Қазалы көлік-техникалық колледжі студенттері қатысты. Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша I орынды № 216 мектеп, II орынды Қазалы көлік техникалық колледжі, III орынды № 70 орта мектеп иеленді.
Ал мылтық атудан I орынға Ә. Арықбаев көтерілсе, II орын тұғыры А. Аманжолға, III орын Ә.Жақсыбайға бұйырды.
Ал шахмат сайысында № 234 мектептен Талан Жақсылық бірінші орынға лайық деп танылса, екінші орынды № 266 мектеп оқушысы Нұржан Мырзағұл алды. Ал үшінші орын № 95 мектептен қатысқан Бақытжан Қаһарда.
Жастар ұйымдастырған тоғызқұмалақ ойыны да ерекше өтті. Бұл сайыс түрі бойынша № 17 мектептен Ақерке Ермек бірінші орын иеленсе, екінші орынға № 165 мектеп оқушысы Ерлан Бекберген көтерілді. Үшінші орын жүлдесін Қазалы аграрлы- техникалық колледжінен қатысқан Гүлзина Алтынбек иеленді.