ҚЫЗЫЛОРДА ТЕАТРЫ СЫЙАҚЫ ИЕЛЕНДІ
Ақтауда «Әбіш әлемі» атты бірінші республикалық театр фестивалі өтті.
Төрт күнге созылған театр фестиваліне Қазақстанның әр өңірінен 7 өнер ұжымы қатысты. Фестивалдің басты мақсаты – арамыздан кеткеніне бір жыл болған қарымды қаламгерді еске алу және оның шығармаларын насихаттау болса, байқауға қатысушы өнер ұжымдарына қойылған талап – Әбіш Кекілбайұлының шығармаларын сахналау, - деп жазады "Егемен Қазақстан" газеті.
Барлығы жеті шығарма сахналанған төрт күндік өнер додасына 120-ға жуық әртіс қатысты. Фестивалдің бас жүлдесі мен Әбіш Кекілбаев атындағы марапатты «Шыңырау» драмасымен Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық драма театры ұжымы иеленді.
Петропавлдан келген Сәбит Мұқанов атындағы қазақ драма театрының ұжымы «Актерлық ізденістер» номинациясын жеңіп алса, «Тарихты сахналағаны үшін» аталымын Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры иеленді. Аймақ басшылығы тағайындаған «Заманына үндес спектакль» және «Үздік Әбіш Кекілбаев аудармасы» сыйақысын Қызылорда және Алматы облысынан келген өнер ұжымдары иеленді.