ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ «ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРТУЫ» ТЕЛЕКӨПІРІ ӨТТІ
13 желтоқсан күні Қызылордадағы облыстық мекемелер үйінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Айдар Әріпхановтың қатысуымен «Тәуелсіздік тартуы» телекөпірі өтті.
Телекөпірдің басты мақсаты – Тәуелсіздік жылдарындағы облыстың даму деңгейін түйіндеп, жетістіктерін саралап, өңірде жүзеге асырылған бірегей индустриалды-инновациялық жобаларды халыққа таныстыру болды.
Қызылорда облысының дамуына серпін берген индустриалды-инновациялық жобалардың қатарында Арал ауданындағы «Аралтұз» зауыты (жобаны «Аралтұз» АҚ президенті Айдынбек Тауасаров ұсынды), Ресей Федерациясының Ульянов облысы Димитровград қаласындағы «Рыбный край Димитровград» балық өңдеу зауыты (зауыттың негізін қалаушы – облыстық мәслихат депутаты Аманбай Ерхатов), Қазалы ауданындағы «РЗА» АҚ (кәсіпорын вице-президенті Нұрлан Имандосов, Қазалы аудандық мәслихат депутаты), Жаңақорған ауданындағы «Шалқия» кен орны («Шалқия Цинк ЛТД» АҚ Басқарма төрағасы Болат Рамазанов), Шиелі ауданындағы «Бала Сауысқандық» кен орны («Балауса» фирмасы» ЖШС директоры Андрей Кузнецов) және Қызылорда қаласындағы Шыны зауыты («Orda glass» ЖШС Басқарма Төрағасы Дәурен Ибрашев) бар. Спикерлер өз кәсіпорындарының басты ерекшеліктерін айта келе, телекөпірге қатысушыларды және барлық қазақстандықтарды мерекелерімен құттықтады.
Сондай-ақ, телекөпір аясында профессор Б.Кәрібаевтың облыс әкімдігінің қолдауымен баспа жүзін көрген «Тәуелсіздіктің 25 маңызды оқиғасы» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Бұдан бөлек, салтанатты шараға облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Самұрат Имандосов, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев, «Славяне» мәдени-қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Галина Щербакова және Байқоңыр қаласындағы №277 орта мектептің директоры Ж.Тілеуқабылова баяндама жасап, Тәуелсіздік жылдары өңірде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан оң өзгерістерді атап өтті. Сондай-ақ қатысушыларды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.