МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ЖАҢА КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Бүгін Қызылордада қаланың сол жақ жағалауын игеру бағдарламасы аясында салынып жатқан үш көпірдің алғашқысы салтанатты түрде пайдалануға берілді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғындарды Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен және Сырдарияның сол жағалауындағы жаңа қала құрылысының басталуымен құттықтады.
- Алдағы жылдан бастап, біз қаланың сол жақ жағалауын кешенді түрде дамытуды, ірі құрылыс нысандарын салуды бастаймыз. Құрылыс аумағы 1500 гектардан астам жерді қамтиды. Ауқымды жобаны жүзеге асыру мақсатында облыстық штаб құрылды. Жаңа қала сәулетінде шығыстық үлгіге басымдық берілетін болады. 11 шағын аудан, индустриалды аймақ және 3 саябақ, сондай-ақ, халықтың сапалы өмір сүруіне қажетті әлеуметтік нысандар, бизнес орталықтары, сауда орындары бой көтереді. Олардың ішінде 46 балабақша, 23 мектеп, студенттер қалашығы, 2 көпсалалы аурухана, қарттарға арналған пансионат т.б салынады. Сонымен бірге үлкен театр аренасы, этнографиялық музей, Қорқыт ата интерактивті музейі, балалар шығармашылығы сарайы, саз мектебі, цирк, драма театры, стадион, «Құстар әлемі» оранжереясы және медиа орталық пен демалыс орындары орналасады. Сол жағалау аумағында болашақта жүз мыңға жуық адам тұратын болады,– деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Көпір құрылысы 2014 жылы басталған. Тапсырыс беруші облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Мердігер мекеме - «№ 25 А.Рязанов атындағы көпір құрылысы отряды» ЖШС. Төрт жолақтан тұратын көпірдің ұзындығы - 387 метр, әрқайсысының ені – 3,5 метр. Жүк көтеру мүмкіндігі – 180 тонна.