АЛТЫ ЖЫЛДА ЭҚҰ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 1216 БАЛА ӨМІРГЕ КЕЛДІ
2010 жылдан бастап Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында 3981 экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламалары қаржыландырылды. Қазақстанда бюджеттің қаржыландыруы нәтижесінде 2010-2016 жылдары 1216 бала өмірге келді, деп жазады mzsr.gov.kz.
Елімізде қосымша репродуктивтік технологиялар 1995 жылдан бастап енгізіле бастады. Бір жылдан соң «шыны түтіктен» тұңғыш бала туылды. Бүгінде Қазақстанда 22 ЭКҰ орталық жұмыс істейді, оның ішінде 17-і жеке меншік нысанда.
ҚРТ әдістерімен елімізде 50 мыңнан астам ерлі-зайыпты емделді. Емделу тиімділігі 15%-дан 43%-ға дейін өсті. Бала туылуы дерегімен расталатын емделу тиімділігінің көрсеткіші 29%-ды құрайды, бұл орташа еуропалық көрсеткішке сай. Бедеулікке шалдыққан отбасыларда 12 мыңнан астам бала дүниеге келді.
2010 жылдан бастап ЭҚҰ бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында бюджеттен қаражат бөліне бастады. ҚРТ-ны қолдануды қажет ететін ерлі-зайыптылар ТМККК аясында үздік нәтижелі және тәжірибесі мол 2 мемлекеттік, 3 жекеменшік клиникаларда медициналық көмек алуда.
Биыл мемлекет 821 бағдарламаға қаражат бөлді.
Қазақстанда әлемде кездесетін әр түрлі формадағы бедеуліктің түрлерін емдеудің тәсілдері сәтті енгізілді. Эндовидеохирургия, диагностикалау мен емдеудің гормональдық тәсілдері, андрология, медициналық генетика, эмбриология дамуда, жаңа қауіпсіз және тиімді дәрілік препараттар тіркелуде.