ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН БАҚЫЛАЙ АЛАДЫ
Ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік маңызды азық-түлікке «ұсынбалы баға» енгізуді жоспарлап отыр. Бұл үшін тауарлар тізімінің стандартын жасау қажет.
Егер жаңалық қабылданатын болса, қазақстандықтардың өздері көпшілікке қажетті өнімдердің бағасын бақылай алады. «Ұсынбалы баға» тізімі БАҚ пен интернет-ресурстарда жарияланып, баннерлерге жазылып, сауда нысандарында ілінетін болады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
ҚР ҰЭМ сондай-ақ, әлеуметтік маңызды тауарлар тізбесін 33-тен 26-ке дейінгі тауар позициясы бойынша (біркелкі тауарларды алып тастай отырып) оңтайландыру қажет деп есептейді. Бүгінгі күні бекітілген тізімде, мәселен, вермишельмен қатар, рожки мен кеспе, тауық етінен – тауықтың сан еті, өсімдік майынсыз спред және басқалар бар.
«Ұсынбалы бағаны» мониторингтеу бойынша жергілікті органдарға өкілеттілік беру қарастырылады. Әкімдіктердің құрылымдық бөлімшелері «ұсынбалы» баға мен нақты бағаның арасында сәйкессіздік анықталған жағдайда сауда нүктелерінде тексеріс жүргізе алады және оның қорытындысы бойынша шара қабылдай алады. Көтерме буын немес өндірушілер тарапынан бағаның өсірілуі орын алған жағдайда ТМРБҚК-не одан әрі тексеріс жүргізу үшін ақпарат беру қажет
«Ұсынбалы» баға барлық сауда субъектілеріне, оның ішінде гипермаркеттерге, супермаркеттерге, дүкендер мен базарларға қатысты.