ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында облыстағы ҚАЖ департаменті жаңа ғимаратқа көшті.
«Қазір елімізде пробация қызметіне баса көңіл бөлуде. Елбасының тапсырмасына сәйкес басқа да маңызды заң жобаларымен қатар пробация мәселелері бойынша заң жобалары жасалды. «Пробация туралы» Заң жобасы «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында әзірленген. Негізгі мақсаты - сотталған адамдарға әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету, оларды тағы да қылмыс жасаудан сақтандыру», - дейді Қызылорда облыстық ҚАЖ департаментінің бастығы Ғанибек Отарбаев.
Департамент бастығы "Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы» КММ-ге жаңа ғимарат беруге ықпал еткен жергілікті әкімдік басшылығына алғысын жеткізді.
Департамент бастығы "Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы» КММ-ге жаңа ғимарат беруге ықпал еткен жергілікті әкімдік басшылығына алғысын жеткізді.