ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНА САПАРМЕН КЕЛДІ
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев Жалағаш ауданына іссапармен келді.
Комитет төрағасы алдымен «Береке» аймағындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысымен танысты. Одан кейін, «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС мен Жалағаш аудандық емханасында болып, аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жалағаш ауданы активімен кездесті. Кездесу барысында аудан жұртшылығын тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, мереке қарсаңында жеткен жетістіктерімізге ерекше тоқталды.