ПАРТИЯ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МЕН ЖАҚТАСТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды партияның ресми сайтында.
Мерекелік жиынға облыстық партия филиалының ұжымы, жасотандықтар, партия белсенділері мен жақтастары қатысты.
Облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев жиылғандарды Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтады. Қоғамдық саяси жұмыстарға белсене араласып, Ұлт көшбасшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жасампаз саясатын қолдап, жетекші партияның бастамаларын жүзеге асыруға қомақты үлес қосқан бірқатар партия белсенділері мен жақтастарына «Алғыс хат» табыс етті.
- Биыл халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Өткен жылдар ішінде еліміз экономикалық дамуда, халқымыздың әл-ауқатын арттыруда аса зор жетістіктерге қол жеткізді. Тұрақтылық пен қоғамдағы өзара түсіністік – сыртқы саясаттағы елдің халықаралық беделінің өсуі үшін сенімді негіз болды. Бүгінде Қазақстан ынтымағы мен бірлігі жарасқан сан ұлтты бір шаңырақтың астында біріктірген ырысы мол елге айналып отыр. Осының бәріне Мемлекет басшысының көреген саясаты мен халықтың жасампаз еңбегінің арқасында қол жеткізіп отырмыз, - деді Ибадулла Құттықожаев.
Марапатталушылар атынан облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Тастыбай Лесеров және Қазақстан «Қызыл-Ай» қоғамы облыстық филиалының директоры Абзал Байманов өз алғыстарын білдіріп, ел игілігі жолында жетекші партиямен бірге аянбай қызмет жасайтындықтарын жеткізді.