ЖАСОТАНДЫҚ ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Астанада «Жастар-Отанға!» алғашқы республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бұл туралы партияның ресми сайтында жарияланды.
Шара аясында партия хатшысы Фархад Қуанғанов байқау жеңімпаздарын құттықтап, белсенді жастарға жұмыста да, жеке өмірлерінде де жеңістерге жете берулеріне тілектестік білдірді.
«Жас Отан» ЖҚ төрағасы Шахмардан Байманов байқау мақсаты өңірлік филиалдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, олардың қызметіне қоғам назарын аудару және номинациялар бойынша ең үздік өңірлік өкілдерді екендігін атап өтті.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Жас Отан» ЖҚ қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Айдын Нұрмұхамбетұлы мен Қостанай облысы жастар және балалар ұйымдарының ассоциациясы марапатталды. Сондай-ақ, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың тәрбие ісі жөніндегі департамент директоры Жандос Базартай да осы аталымға лайық деп танылды. Ал әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Бөкетов атындағы ҚМУ, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіндегі «Жас Отан» жастар қанатының бөлімшелері «Оқу орнындағы ең үздік «Жас Отан» ЖҚ бөлімшесі» номинациясы бойынша марапатталды.
- Жыл басынан бері «Жас Отанның» тікелей жобалары арқылы түрлі қайырымдылық шаралары, форумдар және жастарға арналған елуге жуық іс-шаралар өткіздік. Мәселен, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы бойынша қазыналы қарттарымызға арнап шаралар өткізсек, «Балалар - біздің болашағымыз» жобасы аясында үйден оқытылатын оқушыларға жағдай жасадық. Сол еңбектің нәтижелі болғанына бүгін куә болдық, - деді Тұран филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы, қызылордалық Шакизат Қаратайұлы.
Ал бұқаралық спортты дамыту бағытында «XIII Legion», футболды дамыту бойынша «PETROFOOTBALL» жобалары және «Көмек қолын соз» акциясы «Ең үздік имидждік жоба» номинациясы жеңімпаздары атанды. «Ең үздік «Кеңес орталығы» консалтинг-орталығы» аталымында Батыс Қазақстан облысының, Маңғыстау облысының және Солтүстік Қазақстан облысының «Кеңес орталықтары» топ жарды.