КӨШБАСШЫ ӘЙЕЛДЕР БАС ҚОСТЫ
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесіне орай облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен «Медиа-Пресс» қоғамдық қоры ұйымдастырған салтанатты жиын өтті.
Жиында облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова, облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Ирина Бәкішева, облыстық мәслихат депутаты Райхан Ысқақова мемлекетімізде әйелдердің көшбасшылығы айқындалып, қоғам мен мемлекет тарапынан нәзік жандылардың іскерлік белсенділіктері жоғары бағаланып келе жатқандығын атап өтті.
Биыл барша қазақстандықтар үшін тарихи жыл. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесі аясындағы әрбір шара мен қолға алынған бастаманың қоғам үшін маңызы ерекше. Соның бірі – аймағымызда жақында ғана ашылған «Көшбасшы әйелдер» мектебі.
Қоғамда әйелдердің белсендігін одан әрі арттыру, тұрмысты жақсартып, түрлі салаға бейімдеу мақсатында ашылған мектеп аз уақыт ішінде нәтижеге қол жеткізді. Бүгінде мектептің 40 түлегі тұлғалық өсу, отбасылық өмір, қаржылық сауаттылық, табысқа жетудің тиімді жолдары, көшбасшылық секілді түрлі бағытта білімдерін жетілдіріп, бағыт-бағдар алды.