МЕРЕКЕ АЯСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ САПАР
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шара аясында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы Қорқыт Ата мемориалдық сәулет кешенінде болды.
Департамент мамандары дүние тылсымын қобыз сарынынан іздеген баба кешеніндегі 700-ден астам экспонат сақталған мұражай қорын тамашалады. Мұнда негізінен Қорқыт өмір сүрген кезеңдегі Ұлы дала тарихы мен мәдениеті жайлы материалдар сақталған.
Кешендегі үзілмейтін қобыз әуені келушілердің қызығушылығын тудырды. Аңыз бойынша Қорқыт ажалмен арпалысып, мәңгі өмір сүрудің мәнін іздейді. Бірақ, қайда барса да, алдынан ажал шығып, Қорқыт тұңғиық ой теңізіне қамалыпты. Осындай сәтте шырғай ағашынан алғашқы қобызды жасап, қылдан ішек тағып, тарта бастайды. Тылсымға толы үнді бар табиғат, ұшқан құс, ескен жел, жүгірген аң – бәрі тоқтай қалып тыңдапты.
Бүгінде Қорқыт ата мемориалдық сәулет кешені тағзым ету орнына айналған, мұнда жер бетіндегі әр түрлі ұлт өкілдері келіп тәу етеді. Сонымен бірге, соңғы бірнеше жылдар бойы көптеген шет елдік саяхатшылар да тарихи кешенді тамашалаушылар қатарына қосылған.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаменті