АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНЕ ТАРТУ
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары ауыл мектебінің кітапханасына 350 көркем әдебиет туындысын тарту етті. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған шара «Вookсrossing» атты акция аясында жүзеге асырылып отыр.
Вookсrossing – Назарбаев Зияткерлік мектебі мен ауыл мектебі кітапханасы арасындағы кітап саяхаты. Жыл сайын мектеп мұғалімдері мен оқушылары басқа мектептегі білім алушылармен бөлісу үшін өздері сүйіп оқитын кітаптарды жинастыруды дағдыға айналдырған. «Жиналған танымдық, көркем туындылар арасында қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі кітаптар бар», – Назарбаев Зитякерлік мектебінің педагог-кітапханашысы Гүлмарим Түбекбаева.

Бұл жолы жинақталған құнды қазына Н. Ілиясов ауылындағы Т. Айтбаев атындағы №132 мектеп оқушыларына бұйырды. Ауыл балалары қала мектебінен келген баға жетпес сыйды қуана қабыл алды.
«Мен өзімді қызықтыратын тақырыптарға байланысты біраз кітап таптым және оларды міндетті түрде оқып шығамын», - дейді осы мектептің 9 сынып оқушысы Бекжан Маханбетов.
«Ауыл кітапханасындағы мектеп оқушыларына арналған қордың балалар сұранысын толық өтей алмайтындығы белгілі. Ал бүгінгі толымды тарту сол олқылықтың орнын толтырады деп ойлаймын», - дейді мектеп кітапханашысы Фархана Шәкімбекова.
Шара барысында Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары өз қатарларына оқушыны кітап оқуға дағдыландыратын әлеуметтік жобалар жайлы айтып берді. Сонымен қатар тренинг өткізіп, ауыл балаларымен танымдық ойындар өткізді.