ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫНЫҢ ТАБЫСЫ
Шетелде білімін жетілдіріп, бірнеше тілді меңгерген Дінислам Әбілов ауылда тұрады, деп хабарлайды Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Шалғайда орналасқан Бозкөл ауылындағы мектепті үздік бітірген Дінислам спортқа әсіресе, футбол, волейбол, баскетболға құмар болып өсті. Білім сайыстарымен қоса, түрлі спорт жарыстарында аудандық, облыстық деңгейдегі бәсекелерде топ жарды. Бағы мен бабы қатар жанып, ҚазҰТУ-дың білім грантын жеңіп алғанда да спорттан қол үзген жоқ. Университеттің құрама командасы сапында ойнап, бірқатар жетістіктерге жетті.
Дегенмен Дінисламның діттегені білімін одан әрі тереңдете түсу болатын. Алдымен бакалавр, сонан соң магистратурада білімін жалғастырды. Испанияда, кейін Италияда іскерлік тәжірибеден өтті. Қайда жүрсе де, өзінің елін мақтан тұтып, сол жұрттың тілін, әдет-ғұрпын меңгеруге күш-жігерін салды. Еңбегі босқа кетпеді. Дінислам Күншығарұлы ана тілінен бөлек орыс, испан, итальян, ағылшын тілдерінде емін-еркін сөйлейді.
Тәуелсіздік құрдасы Дінислам өзінің жетістігін еркін елдің табысы деп санайды. Барселона қаласында әлемдік деңгейдегі даңқты футболшылар Ней¬мар, Суарес, Мессидің ойындарын көзімен көріп, жанкүйер болды.
Елдің елдігі сыртта жүргенде білінетіні бар ғой. Бірде Римде Бота есімді қазақ қызының әмияны мен төлқұжатын ұрлатып алғанын әлеуметтік желі арқылы білген сондағы қазақ жастары ешкім үгіттеместен жинала қалды. Осылайша қиянда жүрген қарындасқа қажетті қаржы жиналды. Құжаттар да реттелді. Жат елдегі жастарымыздың жақынын далаға тастамайтын мәрт үрдісіне шетелдіктер қызығыпты.
«Көпке топырақ шашқаным емес. Еуропада өздерінің астанасын, президентінің есімі кім екенін білмейтін адамдар да бар. Алайда, олар Астана қаласы мен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев туралы жақсы хабардар болып шықты. Мұны естігенде кеудемді мақтаныш кернеді. Италияда спорт пен туризм жақсы дамыған. Өте мәдениетті халық. Үйренетін нәрсе көп», - дейді Дінислам ағынан жарылып.