ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІЗГІ ҚАСИЕТ
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Әділет органдары көмекке мұқтаж көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіп, қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Олардың ішінде 5 бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана М.Ильжанова мен 6 бала тәрбиелеп отырған Н.Жасмамбетова бар. Осы екі отбасы азық-түлікпен қамтылып, оларға мереке қарсаңына сыйлық ретінде планшет табысталды және І топ мүгедегі А.Шайманованың үйіне көмір түсірілді.
«Қайырлы істің қайтымы бар» демекші, осылайша департамент қызметкерлері Тәуелсіздігіміздің торқалы тойы алдында қам көңіл жандарды бір қуантып тастады.