«ҚАЗАҚСТАН АРУЫ-2016»: СЫЙАҚЫНЫҢ ЖАРТЫСЫН БАЛАЛАР ҮЙІНЕ АУДАРАМЫН
"Қазақстан аруы-2016" конкурсының жеңімпазы, қызылордалық Гүлбану Әзімхан сыйақысының жартысын балалар үйіне аударатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жеңемін деп үміттендім. Үміттеріңізді ақтаймын деп ойлаймын. Сыйақымның жартысын балалар үйіне аударамын, қалғанын ата-анама беремін", - деді конкурс аяқталғаннан кейін Гүлбану Әзімхан.
Ол конкурстың қиын болғанын айтып өтті. Ұйымдастыру кезінде қатысушылардың бір-бірімен достасып кеткендерін айтады. Гүлбану барлығына сенім білдіргені үшін алғыс айтты.
Еске салайық, 18 жастағы Гүлбану Әзімхан - Қызылорда медициналық колледжінің медбике мамандығында оқиды. Ол Қазақстанның 18 қаласынан қатысқан 24 қарсыласынан басым түсіп, "Қазақстан аруы-2016" атағын жеңіп алды. Енді Гүлбану "Әлем аруы-2017" байқауында еліміздің атынан шығады.