АУҚЫМДЫ АКЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Осы жылдың 25 қараша – 10 желтоқсаны аралығында облыста «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты акция өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты – отбасында орын алатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру.
Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында құқықтық сауаттылылықты арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.
Атап айтқанда, шара барысында «Қамқорлық» дағдарыс оңалту орталығында ашық есік күні өткізіліп, ана мен баланы отбасындағы зорлық-зомбылықтан қорғау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді, заңдық тұрғыдан ақыл-кеңестер берілді.
Сонымен қатар, мектептер мен колледждерде кездесулер өткізіліп, полиция қызметкерлері студенттер мен оқушыларға арнап лекциялар оқыды. Отбасы құндылықтары, әр адамның қоғамдағы рөлі жайлы ойталқы ұйымдастырылып, ақыл-кеңестер айтылды.
Бұдан бөлек, жергілікті полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алып, орын алған жағдайда хабарласуға мүмкіндік беретін сенім телефондары көрсетілген үнпарақшаларын таратып, полиция қызметкерлері мен олардың отбасыларының қатысуымен түсірілген арнайы бейнероликтер, плакаттар әзірледі. Әйелдерге қатысты кез келген зорлық-зомбылықтың алдын алып, болдырмауға, олардың құқығы мен бостандығын қорғауға шақыратын бейнероликтер адам көп шоғырланған орындарда орналасқан LED-экрандардан, жергілікті телеарна эфирлерінен көрсетілді.
Ішкі істер органдарына шағымданып келген әрбір жәбір көруші қыз-келіншектердің, аналардың арыздары назардан тыс қалған емес. Олар бойынша тиісті тексеру-анықтау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде заңды шешімдер қабылдануда.
Жыл басынан бері Қызылорда облысында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасалды деген дерекпен 1987 хабарлама тіркелсе, оның 1900-і бойынша қорғау нұсқамасы берілген.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі