ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА «ТӘУЕЛСІЗДІК» ШАҒЫН АУДАНЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ
Тәуелсіздік күні қарсаңында, 10 желтоқсан күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінің 25 тұрғынына жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімінің құжаттарын тапсырды.
Облыс әкімі өзінің алғысөзінде жергілікті билік алдымен ауылдық экономиканы дамытуға және ауыл жұртшылығының өмір сүру деңгейін жақсартуға басымдық беретіндігін жеткізді.
- Ел дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі - тұрғын үй құрылысының қарқынды дамуы. Өткен жылы Алматы қаласында 51 көпқабатты үй салынса, Қызылордада 53 көпқабатты үй тұрғызылды. Биылдың өзінде көпқабатты 80 үй салынып жатыр. Қызылорда қаласында пәтер кезегінде тұрғандардың 28 пайызы, яғни үштен бірі баспаналы болды. Жосалы кентінде 25 мың халық тұратын болса, оның 1380-і жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін алуға өтініш берген. Аудан орталығынан барлық инженерлік-коммуникациясы дайын 1400 жер телімі бөлініп берілді,- деді облыс әкімі.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Есдаулетов сөз сөйлеп, аймақ басшысына ауылдың әлеуметтік мәселелерінің дер кезінде оң шешімін табуына көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді, Елбасының сарабдал саясаты мен реформаларына қауым боп қолдау көрсететіндіктерін жеткізді. Мұнан соң ҚР Тәуелсіздік күні мен Жосалы кентіндегі болашақ шағын ауданның негізі қаланған күннің құрметіне арналып мерекелік шаралар ұйымдастырылды.