ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Жосалы кентінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен аймақтық-өлкетану мұражайы мен Оқушылар үйінің ашылу салтанаты өтті.
Облыс әкімі алдымен аймақтық-өлкетану мұражайының жаңа экспозициялық залдарымен, сонымен қатар заманауи кітапханамен танысты. Мұражайдың екінші қабатындағы екі үлкен зал өңір тарихына және оның тәуелсіздік жылдарындағы дамуына арналған. Мұражайда Қармақшы ауданының көне заманнан қазіргі күнге дейінгі негізгі тарихы баяндалған.
Содан соң облыс әкімі қайта жөндеуден өткен Оқушылар үйінің салтанатты ашылуына қатысты.
- Білімді шәкірт - ел болашағының мықты тірегі» десек, өнерге талаптанған өрендерге сапалы білім беруде Оқушылар үйінің ықпалы зор. Себебі халқымыздың барлық асыл қасиеті бала кезден қалыптасады. Отаншыл баланың ойы озық тұрады. Біз ұрпақтың кемел келешегі үшін барлық мүмкіндікті қарастыруға міндеттіміз. Өйткені олар – еркін елдің ертеңі, -деді облыс әкімі.
Аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы, білім саласының ардагері Сұлтанбек Мырзабаев оқушылар мен олардың ата-аналарын маңызды нысанның ашылуымен құттықтап, балаларға Оқушылар үйінің қабырғасында қызықты да мәнді уақыт өткізулерін тіледі.
Оқушылар үйінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда әртүрлі 27 үйірме бар, оған 1166 оқушы келіп қатысатын болады. Мекемеде кәсіби біліктілігі жоғары 18 мұғалім жұмыс істейді. Сондай-ақ Оқушылар үйінде әртүрлі мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылады.