САҚТАНҒАН САН СОҚПАЙДЫ
Қыста су айдындарындағы төтенше жағдайлар қатары арта түсетіні белгілі. Әсіресе, балық аулауға шыққандар көбіне тосын жағдайларға ұрынып жатады. Осының барлығы қарапайым қауіпсіздік ережелеріне енжар қараудан туындап отыр. Осы және өзге де мәселелер бүгін Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында сөз болды.
Оған келген ҚА ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы ММ-нің басшысы Бақыт Ембергеновтің айтуынша төтенше жағдайлардың басым бөлігі техникаларының қауіпсіздігіне мән бермеу мен ауа райының қолайсыздығына ескермеуден болып жатады.
Жыл басынан бері облыс бойынша 34 адам суға кеткен оның 13-і балалар. Сондықтан да сақтанғанның сан соқпайтынын ұмытпаған жөн. Қызылорда қаласының 4 тұрғыны «Мицубиси Паджеро» маркалы автокөлігімен осы жылдың 5 желтоқсан күні балық аулауға кетіп осы күнге дейін оралмаған. Осы жағдайға байланысты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Жолға шыққан азаматтар жақындарына қайда, қандай мақсатпен баратынын ескертуі керек. Қандай көлікпен, қай бағытқа, шыққан уақытын болжамды жолда жүру уақытын бәрін сипаттап, аталған мәліметтерді бара жатқан таныстарына да хабарлағандары жөн. Бұл бізге қандай да бір төтенше жағдайлар болған жағдайда оқиға орнына жедел жетуімізге көп көмектеседі», - дейді Б.Ембергенов.
Фариза ОМАРОВА