АБАЙ МҰРАСЫ АДАМЗАТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Облыстық ішкі саясат басқармасы және "Өркениетті Қазақстан" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Абай мұралары қазақ және әлем мәдениеті контексінде» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы, ҚР Ұлттық музейінің аға ғылыми қызметкері Қайыржан Қизатұлы Күзенбаев, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сейдуәлі Оразалиев және облысымыздың оқу орындарынан келген ғалымдар мен мектеп мұғалімдері, мемлекеттік құрылымдар, белгілі ұлт зиялылары қатысты.
Абайтанушы ғалымдар баяндама жасап, Абай мұраларын зерттеу нысаны жан-жақты талқыланды. Қатысушылар Абайдың қазақ халқының ғана емес, күллі адамзаттың мәдени дамуындағы орны жайлы ойларымен бөлісті. Ақыл мен ойдың биігін бағындырған ұлы ойшылдың мәдени мұрасы қазіргі заман құндылығына айналуы керек деген пікірлерін білдірді.