ЭКОНОМИКАЛЫҚ СОТ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.
Баспасөз конференциясында судья С.Өмірсерікова 2016 жылдың 11 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында барлығы 3849 азаматтық іс қаралып, оның ішінде 3372 іс бойынша шешім шығарылғанын жеткізді, бес институционалдық реформаны жүзеге асыру барысындағы бастамалар жайында баян етті.
Сонымен қатар, БАҚ өкілдері «Сот кабинеті» арқылы электронды арыздар мен азаматтық істердің және басқа да құжаттардың сотқа түсуі, сот төрелігі сапасын арттыруда дыбыс, бейне –жазба қондырғысының барлық істерде қолданылуы жайлы деректерге қанықты. Азаматтық істер бойынша жаңа процестік заңдылықтар ретінде татуластыру рәсімдерінің жүзеге асырылуы жайлы айтылды.