ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДАНЫҢ ӨҢІРЛІК АЛАУ ЭСТАФЕТАСЫ БАҒДАРЫ БЕКІТІЛДІ
2017 жылдың 25 қаңтарында Астана қаласы Назарбаев университетінде 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада алауының эстафетасы басталады. Осыдан кейін алау жағау рәсімі әр облыс орталықтарында жалғасады
26 қаңтар Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды. және Өскемен қалаларында, бір күннен кейін Орал, Ақтөбе, Атырау мен Ақтауда, 28 қаңтарда Қызылорда, Тараз, Шымкент, Талдықорғанда, 29 қаңтар Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де алау жағу рәсімі өтеді.
Осыдан кейін алау Алматы қаласына жеткізіледі. Алауды апарған жергілікті кезеңдердің негізгі қатысушылары қысқы Ойындардың ашылу салтанатына қатысады.
14 өңірдің алауы Алматыда шоғырланғаннан соң, 29 қаңтар күні Эстафетаның 16-шы кезеңі басталады, Алау оңтүстік астана көшелері бойымен жүріп өтіп, «Алматы-Арена» мұз айдынындағы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы 2017 Универсиадасының ашылу салтанатының маңызды шарасына айналады.
Алау эстафетасына 1000 алаугер қатысады, олардың: 100-і Алматыдан, 900 алаугер өңірлердің аудан орталықтарынан және Астана қаласынан, 60-ы әр өңірден.
Өңірлік Алау эстафетасы Қызылорда қаласында 2017 жылғы 28 қаңтарда 2 кезеңде ұсынылған бағыттар бойынша өткізіледі.