«МЫҢ БАЛА» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Астанада «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық байқауының жеңiмпаздары марапатталды. Жоба түрлі этнос өкілдерінің балалары мен жастарына қазақ тілін үйретуге, Қазақстан халқының тілі, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін тану арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған, деп xабарлайды BNews.kz.
Аталған байқауға, Қызылорда облысынан Алишер Розметов пен Валерия Фроловалар қатысып, жақсы нәтижеге қол жеткізді.
«Мың бала» жобасын 1 жылдың ішінде қазақ тілін мың бала біледі деген ниетпен бастаған болатынбыз. Екі жылдың ішінде миллионнан астам бала осы жобадан өтті. Олардың ішінде тілді жетік әрі терең меңгерген балалардың саны 106 мыңды құрап отыр. Егер бұған дейін ассамблеяның ішінде 423 000 адам мемлекеттік тілді меңгеретін болса, оларға тағы да 585 000 бала қосылды. Бұл –мемлекеттік тіл саясатының тиімді жүзеге асып жатқанына дәлел», - деді Қазақстан xалқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов.
«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының «Тәуелсіздік – тірегім», «Асыл сөз» және «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздіктің тірегі» бағыттары бойынша анықталды. Байқауға қатысушылар қазақ тiлiнде эссе, шығарма, диктант жазу және шешендік өнер бойынша сайысып, өздерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейiн паш еттi. Бүгiн байқауда озық шыққан жеңiмпаздар марапатталып, оларға естелiк сыйлықтар табысталды.