ЖАСТАР ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ФЛЕШМОБ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Тәуелсіздік мерекесіне қызылордалық жастар да үлес қосты. Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 100-ге жуық студенті ерекше акция өткізді, деп хабарлайды www.24.kz
Қаладағы зәулім спорт кешеніне жиналған олар «Біз – Тәуелсізбіз!» атты флешмобқа қатысты. Бірыңғай ақ жейде киген жастар тізіліп, 25 санын құрады. Сонымен қатар өнерлі өрендер патриоттық әндерді нақышына келтіріп орындады.
Абылай хан атындағы колледж директоры Дүлдүл Русланның айтуынша флешмоб акциясының негізгі мақсаты – жастардың, жалпы білім алушылардың Отанына деген, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
– Бүгінгі шара ел бірлігінің нығая беруіне үлес қосады деген ойдамын,– дейді ол өз сөзінде.