КЕЛЕР ЖЫЛЫ ҚАЗАҚ МУЛЬТИПЛИКАЦИЯСЫ 50 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТЕДІ
Алдағы жылы Қазақстан мультипликациясы жарты ғасырлық мерейтойын атап өтеді, деп жазады Kazakh-tv.kz.
Қазақтың алғашқы мульфильмі «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» туындысын режиссер Әмен Қайдаров 1967 жылы түсірген. Ол Нью-Йоркте өткен Халықаралық анимациялық фильмдер сайысында жүлдегерлер қатарынан көрініп, әлемнің 48 елін аралаған фильмді үлкен де, кіші де көреді. Аға буын балалық шақтың бейнесі ретінде сағынышпен еске алса, балалар мейірімді мультфильм ретінде тамашалайды. Одан бері де талай мультфильм түсірілсе де, тұңғыш туынды бәріміз үшін ыстық.
Жеті жылдан бері «Қазақфильм» АҚ құрамында жұмыс істеп келе жатқан «Анимациялық кино» шығармашылық-өндірістік бірлестік 36 қысқаметражды мультфильм шығарған. Олар отандық мульфильм өндірісінің 50 жылдығына орай «Мұзбалақ» толықметражды мультипликациялық фильмін экранға шығаруды жоспарлап отыр. Адам мен бүркіттің достығы туралы туындының премьерасы 2017 жылдың тамыз айында өтеді.