РЕСЕЙЛІКТЕР ҚЫЗЫЛОРДА ӘУЕЖАЙЫ ТЕРМИНАЛЫ ЖОБАСЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ
Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік (МЖС) шеңберінде іске қосу жоспарланған Қазақстанның 12 жобасы Мәскеуде өткен халықаралық тәжірибелік конференцияда таныстырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Іс-шара мақсаты қазақстандық МЖС жобаларын іске асыруға ресейлік және өзге де халықаралық инвесторларды жұмылдыру болып отыр.
«Конференцияға Қызылорда, Маңғыстау және Ақмола облыстары, Қазақстандық МЖС орталығы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қатысуда, олар әлеуетті ресейлік инвесторларға МЖС саласындағы өз жобаларын таныстыратын болады», - деп атап өтті Қазақстанның Ресейдегі Сауда өкілінің орынбасары Гүлжан Бодықова.
«МЖС бағытындағы 300 жобаның 21-і – республикалық, ал 270-і жергілікті деңгейдегі жобалар», - дейді «Қазақстандық МЖС орталығы» АҚ-ның бас сарапшысы Ерлан Жакин.
Конференцияда Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Евгений Ким Сыр өңіріне қатысты МЖС жобалары туралы айтып берді. Олардың саны - бесеу. «Бұл Қызылорда әуежайы халықаралық терминалының, 200 орындық жатақханасы бар 600 білім алушыға арналған кәсіби-техникалық лицейдің, Қызылордадағы емхананың және ауыр атлетика орталығының құрылысы мен қаланың сол жағалауын дамыту жобасы. Сондай-ақ біз Байқоңыр бойынша бірнеше жобаны ұсынамыз», - деді облыс әкімінің орынбасары.
Облыс таныстыратын жобалардың жалпы құны 195 млрд. теңгеден асады.
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары атап өткендей, ресейлік инвесторлар Қызылорда қаласы әуежайының халықаралық терминалын салу жобасына қызығушылық білдірген.
Өз кезегінде «ВИС» құрылыс компаниялары тобының бас директоры Игорь Снегуров Қазақстан бизнес үшін жайлы мемлекет екенін атап өтіп, ірі МЖС жобаларында және 1,5 млрд. рубльден асатын концессияларда серіктес табуға ниетті екендігін жеткізді.