ЖЫЛ БОЙЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
«Қызылорда облысы тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінде «Мемлекеттік қызметтерді алуда тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы қоғамдық бақылау» тақырыбында конференция өтті.
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылған шараға қоғамдық бірлестіктің президенті С.Теңізбаев төрағалық етті. Жиында мемлекеттік ұйымдарда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жетістігі мен кемшіліктері, тексеріс жүргізу нәтижелері талқыланып, жоба бойынша жыл ішінде атқарылған жұмыстарға баға берілді.
Сонымен қатар, конференцияда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А.Мұхимов, Қызылорда облысы электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімі басшысы И.Ақжігітова, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы басшысы А. Әбибуллаева баяндама жасады.