ОБЛЫС ӘКІМІ ҚАДІР ТҮНІМЕН ЖАМАҒАТТЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітіне барып, жиналған жамағатты Қадір түнімен құттықтады.
- Қадір түні – адамзат баласын бірлікке, бауырмалдыққа, ата-ананы құрметтеуге, жақсылыққа шақыратын рухани сәт. Қазіргі уақытта біздің басты мақсатымыз – дәстүрлі дінімізді, салт-дәстүрімізді шынайы дәріптеумен бірге жас ұрпақты имандылық пен салауатты өмір салтын тәрбиелеу, рухани бірлік пен діни төзімділікке баулу. Жастарымыз дінге берік, ілімге жерік болу керек. Баршаңыздың қасиетті Рамазан айындағы және бүгінгі Қадір түні тілеген тілек-ниеттеріңіз қабыл болсын, - деді аймақ басшысы Қ.Көшербаев.
Дәл осы күні облыс әкімі Алла разылығын көздеп ауыз бекіткен дін өкілдері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдеріне және мешітке келген жалпы жамағатқа арнап ауызашар берді.
Рамазан - рухани жаңару айы. Аллаһтың адам баласына берген шексіз нығметі, теңдессіз сыйы саналған ораза – тікенді жерге табан тигізбей, сақтанып жүретініміз секілді, күнәға бетпе-бет келуден сақтайтын, жан-дүниемізді, мінез-құлқымызды жақсылыққа тәрбиелейтін, рухани түлеп шығатын құлшылық. Ал Қадір түні жасалған ізгі амалдардың сауабы еселеніп қайтады.
ҚМБД өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров қасиетті Құраннан сүре оқып, сауабын дүниеден өткен барша мұсылман қауымына және жиналған жамағаттың отбасынан дәметкен әруақтарына бағыштады.