ӨТІНІШТЕР САНЫ ЕКІ ЕСЕГЕ АРТҚАН
Қызылордада «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында азаматтардың өтініштерін қарау нәтижесі және облыста «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының орындалуына арналған брифинг өтті. Бұл туралы партияның ресми сайты nurotan.kz хабарлап отыр.
Қалалық партия филиалының «Қоғамдық қабылдауы» ел арасында кең қолдауға ие болып отыр. Осы уақытқа дейін 287 жазбаша және 216 ауызша, барлығы 508 өтініш түскен. Оның 125-сі оң шешімін тауып, қалғандары бойынша заңды кеңестер берілген.
- Түскен өтініштер саны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда екі есеге артып отыр, - деді БАҚ өкілдерімен болған кездесу барысында қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов.
Сараптама нәтижесі өтініштердің негізгі бөлігі әлеуметтік жағдайға негізделгенін көрсетіп отыр. Сонымен қатар тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына қатысты -138, тұрғын үй кезегі, жер телімдеріне байланысты – 85 өтініш келіп түскен. Жұмысқа орналасу, заңды және жеке тұлғаға шағым білдіру, білім беру мен денсаулық сақтау саласы бойынша да өтініштер жиі тіркелген.
Төрағаның бірінші орынбасары партия филиалында «Әділет кеңес береді», «Жолда қабылдау», «Жұмыспен қамту-2020 », «Бизнестің жол картасы-2020» республикалық акциялары мен арнайы тақырыптық қабылдаулар тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге, тиісті заң шеңберінде кеңес алуларына мол мүмкіндіктер жасап отырғанын жеткізді.
Жалпы қабылдауға келіп түскен арыз-шағымдар түпкілікті шешім қабылданғанға дейін партиялық бақылауда болады.
Облыста «Нұрлы жол» бағдарламасының орындаулы бойынша облыстық партия филиалының партиялық бақылау инспекторы Ерғазы Қожақов баяндады.
Қызылорда облысына 2015-2016 жылдары «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында – 1610,2 млн. теңге қаржы бөлінген. Бүгінде бөлінген қаражының мақсатты және тиімді жұмсалуына облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясы жанынан 3 бағыт бойынша құрылған комиссия бақылау жүргізеді.
- Партия филиалдары жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясы да өз тарапынан құрылыстардың сапасын бақылайды, - деді Ерғазы Қожақов.
Партиялық бақылау инспекторының мәліметінше 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында облыста 42 жобаны жүзеге асыру көзделген. 300 орындық 2 мектеп пен 280 орындық 1-балабақша құрылысы мерзімінде пайдалануға берілді.
Қызылорда қаласындағы жылу желілерін жаңғырту мақсатында 7 жоба, «Индустриялық, энергетикалық инфраструктураны дамыту» бағдарламасы аясында 1 электр жабдықтау орталығы, «Өңірлерді дамытудың - 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы бойынша 18 жоба жүзеге асырылып уақытылы пайдалануға берілген.