«НҰРОТАНДЫҚТАРДЫҢ» ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ
Бүгін «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы партияның жаңа мүшелерін салтанатты түрде қабылдады. Олардың қатарында Ауған соғысының ардагерлері, спорт және мәдениет саласының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері бар.
Қызылорда облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев оларды партия қатарына қосылуымен құттықтап, партия билеттерін табыстады.
- Тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқаратын «Нұр Отан» партиясы бүгінде қоғамдағы ең маңызды саяси күш. Құрамында 1 млн.нан астам мүше болса, оның 50 мыңы қызылордалықтар. Партия құрамында болу, елдің алдында жүру – зор жауапкершілік, үлкен бақыт. Сіздерді туған жерімізді түлетуге, жасарып, жайнауына мол үлес қосады деп сенемін,-деді облыс әкімі.
Партия қатарына жаңадан қабылданушылардың атынан Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің баспасөз хатшысы Гаухарай Есімова және Ауған соғысының ардагері Қуанышбек Сыздықов өз алғыстарын білдіріп, сенімнен шығуға тырысатындықтарын жеткізді.