АУДАНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ДАМЫП КЕЛЕДІ
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Шиелі ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев брифинг өткізді. Онда ауданның жыл басынан бергі әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспарлар жайы айтылды.
Қ.Сәрсенбаев өз сөзін аудандағы бюджет кірістерінен бастады. Жыл басында аудан бюджеті 10 млрд. 532 млн теңге көлемінде бекітіліп, бюджетті арттыру мақсатында атқарылған жұмыстар нәтижесінде 15 млрд. 200 млн теңгеге немесе 44 пайызға өскен. Оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі 2 млрд. 371 млн теңге.
Осы уақыт аралығында өңірдегі өнеркәсіп орындары 21 млрд. 539 млн теңгенің өнімін өндірді. Шағын кәсіпкерліктің 4317 субъектісі тіркеліп, 7269 адам жұмыспен қамтылды. Осының нәтижесінде шағын кәсіпкерлік 5,8 пайызға, халықтың жұмыспен қамтылуы 7,1 пайызға артқан.
«Шиелі кентін газдандыру бағытындағы жұмыстар барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж, тұрмысы төмен 40 отбасы анықталып, демеушілердің көмегімен 10 үйге газ қосылды. Қалған үйлерге газ жүргізу жұмыстарына қосымша демеушілер белгіленіп, жұмыстар жалғасып жатыр. Тұрғындардың өз қаражаттары есебінен 1900 үй газ жүйесіне қосылды» - дейді аудан басшысы.